Талдықорғанда болған жаппай тәртіпсіздік хронологиясы (ВИДЕО)
7 ақпан, 2022 /
Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Талдықорғанда болған жаппай тәртіпсіздік хронологиясы (ВИДЕО)
Интернетте 2022 жылдың 5 қаңтарында Алматы облысы Талдықорған қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезіндегі видеолар тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Назарларыңызға Талдықорғанда болған жаппай тәртіпсіздік хронологиясын ұсынамыз:
2022 жылдың 5 қаңтары сағат 00:40-та Талдықорған қаласының орталық алаңына 2000-ға жуық адам жиылды. Қала әкімі шоғырланғандар алдында сөз сөйледі.
5 қаңтар сағат 10:00-де Талдықорған қалалық Полиция басқармасы ғимаратының алдына жиналған 200-ге жуық адам ұсталғандарды босатуды талап етті.
5 қаңтар сағат 14:30-да әскерилер Талдықорған қалалық Полиция басқармасы ғимаратының маңына келгендерді таратуға тырысты.
5 қаңтар сағат 15:05-те 3000-ға жуық адам полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Сағат 15:09 және 16:07 кезіндегі шабуылдар да көшедегі видеокамераларға жазылып қалған.
Оқи отырыңыз: Қаңтардағы қақтығыс туралы толық видео шықты.