«Ахаңнан аяған қаржы...»: айтыстың ақтаңгері неге ашулы?

«Ахаңнан аяған қаржы...»: айтыстың ақтаңгері неге ашулы?

«Ахаңнан аяған қаржы...»: айтыстың ақтаңгері неге ашулы?
ашық дереккөзі
Танымал айтыскер Айбек Қалиев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Биылғы ұлт ұстазы Ахаңның мерейтойына байланысты біраз іс-шаралар жоспарланғаны мәлім. Соның ішінде Ахаңның ауылына баратын жолды жөндеу, Ахаң мен Жақаңның Торғайдағы мұражайының жөнделуі, Ахаңа арналған мемориалдық комплекс құрылысы, Орынбор қаласында Ахаңның ескерткішін орнату, т.б. Қостанай облысының қоғамдық кеңесі осы іс-шаралардың ішінде мемориалдық кешен мен Орынбор қаласында ескерткіш орнату облыс бюджетіне тиімсіз шығын деп жоспардан алып тастауға ұсыныс жасапты», – деп жазды Айбек Қалиев.
Ал өзі бұған наразы екенін айтты.
«Сонда Ахаңнан аяған қаржымен қай жыртығымызды жамаймыз деген бір азаматтың болмағаны ма? Ахаңның ауылына жол салу, интернет орнату, медпункт салу, мұражайды жөндеу жұмыстарын атапты. Бұл онсыз да облыс, аудан билігінің жасауға міндетті жұмыстары емес пе? Сонда Ахаңның мерейтойы болмаса, Ақкөл мен Қарасу ауылдары жолсыз, медпунктсіз, интернетсіз отыра береді екен-ау!» – деді ол.
Оқи отырыңыз: Ахаң жасаған әдемі «Әліппе» жас ұрпақ үшін жәдігерге айналмақ. Неге?