Бас прокуратура «Дикий Арманға» қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура «Дикий Арманға» қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура «Дикий Арманға» қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте «Дикий Арманның» қайда қамауда отырғаны жайлы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Жұмагелдиев босатылды» немесе «Оны белгісіз бағытта алып кетті» деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылуда. Егер басында бұл азаматты полиция атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін ұстаса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын. Қазіргі сәтте прокурорлар екі қылмыстық істі біріктіріп, өз тергеуіне алды. Ал Жұмагелдиев ҰҚК тергеу изоляторына ауыстырылды», - деді Ризабек Ожаров.
Оқи отырыңыз: «Адам шошырлық жағдайда отыр»: «Дикий Арманның» қорғаушылары тағы мәлімдеме жасады (ВИДЕО).