Шахтада жұмыс істейтін қытайлықтар иттерді аяусыз өлтірген

Шахтада жұмыс істейтін қытайлықтар иттерді аяусыз өлтірген

Шахтада жұмыс істейтін қытайлықтар иттерді аяусыз өлтірген
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Сурхандария облысы Сариаси ауданында қытайлар иттерді өлтіріп, асып тастаған, деп хабарлады turkystan.kz. Ekologuz Telegram арнасында Шаргун қаласында орналасқан шахтада жұмыс істейтін қытайлық азаматтар иттерді аяусыз қырып жатқаны жайлы ақпарат тарады.
«Егер шет елде жануарларды өлтірсе, ол адам 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал Өзбекстанда ше? Неліктен адамдар жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапқа тартылмайды? Егер қытайлықтар шет ел азаматтары болса, оларға бәрін істей беруге бола ма?» - делінген хабарламада.
Әзірге оқиғаға қатысты жауапты мекемелер мен аймақ басшылығы ешқандай пікір білдірген жоқ. Тек Telegram-дағы жазба авторы ғана қытайлықтардың иттерді азық үшін өлтіруі мүмкін деген болжам айтты.