Депутаттармен кездескен Батырбаев полицейлерге шағымданбайтынын айтқан

Депутаттармен кездескен Батырбаев полицейлерге шағымданбайтынын айтқан

Депутаттармен кездескен Батырбаев полицейлерге шағымданбайтынын айтқан
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары Талдықорғандағы қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, туыстары «түрмеде азаптады» деген Азамат Батырбаевпен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.  5 ақпанда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетілген сюжетте депутат Берік Бекжанов Елбасының ескерткішін құлатқан жігіттен «Сізге түрмеде қысым көрсетіле ме? Олар күш қолдана ма? Мұнда емделіп жатырсың ба?» деп сұраған. Алайда оған Азамат Батырбаев «ешқандай шағымым жоқ» деп қысқаша жауап беріпті. Видеодан ауруханада депутаттармен бірге полицейлердің болғанын көруге болады. Ал Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов өзінің Facebook-тегі парақшасында одан қорғаушы жоқ жерде жауап алу заңсыз және клиентке қысым көрсету әрекеті деп санайтынын жазды. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде 38 жастағы Азамат Батырбаевтың азаптау белгілері бар суреттері көп тарап жатыр. Туыстары оны ұрып-соққанын, денесін ыстық үтікпен күйдіргенін айтқан болатын.