Мұқтаж зейнеткердің үйіне табиғи газ кіргізілді

Мұқтаж зейнеткердің үйіне табиғи газ кіргізілді

Мұқтаж зейнеткердің үйіне табиғи газ кіргізілді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына зейнеткер Күлипа Керімбаева хабарласып, үйіне табиғи газ кіргізіп беруге көмектесуді сұрады. Аудандық мәслихаттың депутаты С.Дәлібаев жеке қаражатына Қорағаты ауылы тұрғынының баспанасына табиғи газ кіргізіп берді. Бұл мақсатқа 150 мың теңге жұмсалды. Қолдау көрсеткендері үшін дән риза болған Күлипа Керімбаева аудандық филиал өкілдері мен мәслихат депутаты С.Дәлібаевқа алғысын жеткізді.