Маңғыстаулық жұмысшылар тағы да наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Маңғыстаулық жұмысшылар тағы да наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Маңғыстаулық жұмысшылар тағы да наразылыққа шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жұмысшылары жалақыларын 2 есеге көтеруді талап етіп, тағы да наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар энергокомбинаттың жанына жиналған, деп хабарлады turkystan.kz жергілікті «Лада» басылымына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, 3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 пайызға көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын. Сол кезде олардың алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан 7 адам кірді. Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 пайызға көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды. Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Енді мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралатын болады.