Жаңалықтар

Президент Елбасының өкілеттіктерін тоқтату туралы заңдарға қол қойды

ашық дереккөзі

Президент Елбасының өкілеттіктерін тоқтату туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңдарға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерге қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, 19 қаңтарда Мәжіліс депутаттары 2020 жылы қабылданған «Ұлт көшбасшысы туралы» заңға түзетулер енгізді. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Алайда заңның басқа тармақтары өзгертілмеді. Яғни, елдің Тұңғыш Президенті мен оның отбасы мүшелеріне қол тигізбеу құқығы әлі де сақталады.