Үш ауылдың тозығы жеткен көшелері қалпына келтірілді

Үш ауылдың тозығы жеткен көшелері қалпына келтірілді

Үш ауылдың тозығы жеткен көшелері қалпына келтірілді
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы «Nur Otan» партиясының Кербұлақ және Ескелді аудандық филиалдарына көшелердің сапасына қынжылған ауыл тұрғындары хабарласып, жырға айналған бұл мәселені шешуге көмектесуді өтінді. «Қарабұлақ» БПҰ төрағасы Берік Дүйсенбинов және «Басши» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Б.Иманбеков қабылдау өткізіп, тозығы жеткен ауыл көшелері «Халыққа көмек» жобасы аясында қалпына келтірілетінін атап айтты. Арада көп уақыт өтпей, Қарабұлақ ауылындағы көшеге жергілікті бюджеттен 6 млн 546 мың теңге бөлінді. Мердігер компания көшенің 622 шаршы метріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал Басши ауылдық округіне қарасты Нұрым мен Ақтөбе ауылдарын байланыстыратын жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  width=