Екі көшені жарықтандыруға бюджеттен 23,7 млн теңге бөлінді

Екі көшені жарықтандыруға бюджеттен 23,7 млн теңге бөлінді

Екі көшені жарықтандыруға бюджеттен 23,7 млн теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы Керейт ауылының екі көшесі жарықтандырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен қомақты қаржы бағытталды. Атап айтқанда, Nur Otan партиясының Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Керейт ауылының тұрғындары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбек Дәулеталиевтен өтініш түскен. Бұл азаматтар елді мекендегі Еркінбек және Пернебекұлы көшелерін, мектептің маңайын жарықтандыру қажеттігін айтып шағымданған. Келіп түскен өтініш бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев округ бойынша көшелерінің жарықтандыру мәселесін шешуді Арыс ауылдық округінің әкімі О.Сатыбалдиевке тапсырды. Сөйтіп, аудандық бюджеттен Керейт ауылындағы Еркінбек көшесін жарықтандыру жұмыстарына - 14 млн 112 мың, ал Пернебекұлы көшесін жарықтандыру жұмыстарына 9 млн 648 мың теңге бөлінді. Қазір бұл қаржы толығымен игерілді. Көшелерге жарық қосылған.