Әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға көмек көрсетілді

Әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға көмек көрсетілді

Әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының аудандық филиалдарына тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан өтініштер көптеп түседі.  Олардың барлығына «Халыққа көмек» жобасы аясында көмек көрсетілді. Мәселен, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарындағы партия филиалының қоғамдық қабылдауына жұмыссыз, жалғызбасты және көпбалалы аналар, мүгедек балаларды бағып отырған отбасылар көмек сұрай келген. Бұл өтініштерден кейін аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасарлары, қала және аудандық мәслихат депутаттары аталған отбасыларға «30 қайырымды іс» акциясы аясында демеушілік көмек көрсету туралы шешімге келді. Сөйтіп, партия өкілдерінің қолдауы арқасында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға 1 миллион теңгенің азық-түлік себеті мен дәрі-дәрмегі жеткізілді.