Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары қамауға алынды

ашық дереккөзі

Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары қамауға алынды

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды. Әзірге, оған қандай айып тағылғаны туралы ашып айтылған жоқ деп хабарлады turkystan.kz. «Сот оны қамауға алу туралы шара қабылдады. К. Мәсімов, Ә. Садырқұлов және Д. Ерғожинге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын хабарлаймыз. Қылмыстық іске «өте құпия» деген белгі берілді», – деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік қызметі. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу деректерінің жария етілмейтіні айтылды. Дәулет Ерғожин 1978 жылы Алматыда дүниеге келген. Бұрын Қаржы вице-министрі, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары болған Әнуар Садырқұловтың бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекетке опаздық жасады деген күдікпен қамалғаны белгілі болған еді.