Депутаттар Алматыдағы тергеу изоляторына барды

Депутаттар Алматыдағы тергеу изоляторына барды

Депутаттар Алматыдағы тергеу изоляторына барды
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады, деп хабарлады turkystan.kz. Ресми мәліметке сүйенсек, Аматы қаласы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторына Мәжіліс және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер барған. Олар тергеу изоляторының режимдік корпустарында болып, күдіктілердің жай-күйіне қаныққан. Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н.Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Д.Қанатбеков ЛА-155/18 мекемесінің (тергеу изоляторы) қызметін ұйымдастыру және қаңтардағы қақтығыс кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді. Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағым болмаған.