Шымкент қаласындағы 566 үй жаңа электр желісіне қосылды

Шымкент қаласындағы 566 үй жаңа электр желісіне қосылды

Шымкент қаласындағы 566 үй жаңа электр желісіне қосылды
ашық дереккөзі

Жыл басында Еңбекші ауданындағы Жалын тұрғын алабының тұрғындары жаңадан тартылған электр желісіне қосылып, өркениет игілігіне қол жеткізді. Шымкент қалалық партия филиалындағы қабылдау бөлмесіне келген Дина Ізетбай көпшіліктің бұйымтайын жеткізді. Ол үйлерді былтырғы жылы Жалын тұрғын алабындағы 566 абонентке арнап тартылған жаңа электр желісіне жеделдетіп қосуды өтінді. Бұл мәселесімен Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Есілбек танысып шықты. Сөйтіп, тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты. Желіге қосу жұмыстарын Еңбекші ауданының әкімдігі мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС атқаратын болып шешілді. Қаңтар айында Жалын тұрғын алабындағы үйлерді жаңа электр желісіне қосу жұмыстары сәтті басталып, тұрғындардың өтініші орындалды.  width=