Шардаралық алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге жымқырған

Шардаралық алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге жымқырған

Шардаралық алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге жымқырған
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Шардара қаласында алаяқ бірнеше мектеп мұғалімдерінің шотынан 17 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Шардара аудандық полиция бөліміне мұғалімдердің жалақысы ұрланғаны туралы шағым түсіп, ол факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелген. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция бір күн ішінде күмәнді шотты анықтады. Оның иесі кім екені де белгілі болды. Күдікті Алматы қаласында жүрген. Шардаралық полицейлер сонда барып, алаяқты ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізген. Анықталғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Былтыр қыркүйекте жұмысынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Сөйтіп оңай жолмен ақша табуды ойлаған. Ол жеке деректерді пайдаланып, 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асты. Ал айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.