«Сапасыз жолдан ұялып...»: жол бағандарының шамдары теріс қарап тұр (ВИДЕО)

«Сапасыз жолдан ұялып...»: жол бағандарының шамдары теріс қарап тұр (ВИДЕО)

«Сапасыз жолдан ұялып...»: жол бағандарының шамдары теріс қарап тұр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Шиелі ауданында қызық жайт болды. Көлікпен келе жатқан жолаушы ерекше көріністің куәсі болып, түсірген видеосын Tik-Tok-қа жүктеді, деп жазды turkystan.kz. Видеодан Төңкеріс ауылына жақындай бергенде шамдары жолға теріс қарап тұрған бағандарды көруге болады. Бұл видеоны интернетке жүктеген жүргізуші дәл мұндайды бірінші рет көріп тұрғанын айтып, таңданысын жасырмады. Желі қолданушылары да видео астына мынадай жазбалар қалдырған:
«Шамдар сапасыз жолдан ұялып, теріс қарап тұр», «Олар күндіз ары қарап тұрады, түнде жол жаққа бұрылады», «Бұл – Қазақстан!», «Бұндай жол тек бізде ғана бар», «Шамдар қараған жақта тегін жол бар шығар?».
Жазбалардың арасында бұл бағандардың жекеменшік аумақты не алдағы уақытта құрылысы басталатын жерді жарықтандыруға арналған болуы мүмкін деген пікір қалдырғандар да бар.