Шавкат Рахмонов әуесқой лигадағы жеңілісі туралы айтты (ВИДЕО)

Шавкат Рахмонов әуесқой лигадағы жеңілісі туралы айтты (ВИДЕО)

Шавкат Рахмонов әуесқой лигадағы жеңілісі туралы айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Аралас жекпе-жектегі ең беделді ұйым – UFC-де үш кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен отандасымыз Шавкат Рахмонов әуесқойлар лигасындағы екі жеңілісі туралы айтты, деп жазды turkystan.kz Sport-express.ru-ға сілтеме жасап.
«Әуесқойлар арасындағы додаларда Гаджимурат Хирамагомедовке төрешілердің шешімімен екі мәрте есе жіберген болатынмын. Ол кездесулерде ресейлік спортшы еркін күрестің арқасында менен басым түсті. Ал тік тұрып жұдырықтасқан кезде түк тындыра алмаған еді. Әуесқойлар арасындағы жарыстың деңгейі бөлек. Қазір ол қайда, мен қайдамын? Екеуміз екі әлемде жүрміз», - деді Шавкат «Разрешите вас перебить» атты ютуб-арнаға берген сұхбатында.
Шавкат Рахмонов пен Гаджимурат Хирамагомедов 2014 және 2015 жылдары ММА бойынша әлем чемпионатында екі рет кездескен. Бұл жекпе-жектерде Дағыстан балуаны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Қазір Хирамагомедов АСА-да өнер көрсетеді. Оның кәсіби рекорды – 11-4. Ал отандасымыздың ММА-да қатарынан 15 рет, ал UFC-де үш рет жеңіске жеткенін атап өткен жөн.