Криштиану Роналду Instagram-да абсолютті рекорд орнатты

Криштиану Роналду Instagram-да абсолютті рекорд орнатты

Криштиану Роналду Instagram-да абсолютті рекорд орнатты
ашық дереккөзі
«Манчестер Юнайтед» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболда ғана емес, әлеуметтік желіде де рекорд орнатудан алдына жан салар емес, деп жазды turkystan.kz Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап. Күні кеше 37 жастағы сұрмергеннің Instagram парақшасына жазылушылар саны 400 миллионға жетті. Бұл - бүкіл ғаламшардағы тұрғындар арасындағы абсолютті рекорд. Қазір әлеуметтік желінің өз ресми парақшасында 469 миллион оқырман бар. Бір атап өтерлігі, Роналдудың оқырмандары саны бойынша 2-орында тұрған америкалық модель Кайли Дженнерден 92 миллионға алға шыққан. Ал аргентиналық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси үздік үштікті түйіндейді. Оның еншісінде – 306 миллион оқырман.