Алматыда автокөлік жүргізушісі қарияны таяқпен ұрып-соққан (ВИДЕО)
Алматыда автокөлік жүргізушісі қарияны таяқпен ұрып-соққан (ВИДЕО)
Instagram әлеуметтік желісінде ер адамның көлігінен түсіп, жол бойында тұрған қарт адамды таяқпен ұрып жатқан видеосы пайда болды, деп жазды turkystan.kz.
Видеодан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға қоқан-лоққы жасап, екі рет таяқпен ұрғанын көруге болады. Бір атап өтерлігі, кадрда күдіктінің түрі де, көлігінің нөмірі де анық көрінеді. Яғни, полицейлерге бұл бұзақыны табу еш қиындық тудырмауы тиіс.