Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz. UFC Vegas 47 турнирінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат гайандық Карлстон Харристі бірінші раундта ұтты. 27 жастағы Шавкат ММА-да өткізген 15 жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал 34 жастағы қарсыласы Харрис 17 жеңісімен мансабындағы бесінші жеңіліске ұшырады.