Қысқы Олимпиада: екі қазақ спортшысы финалға шықты

Қысқы Олимпиада: екі қазақ спортшысы финалға шықты

Қысқы Олимпиада: екі қазақ спортшысы финалға шықты
ашық дереккөзі
Қысқы Олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.  Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды. Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды. Келесі іріктеу кезең ертең, 5 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. Айта кетерлігі, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді.