Алматы облысындағы дәмханада 18 адам уланып қалды

Алматы облысындағы дәмханада 18 адам уланып қалды

Алматы облысындағы дәмханада 18 адам уланып қалды
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы дәмханадағы жаппай улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Денсаулығына байланысты шағым Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде тамақ ішкен азаматтар арасында жиілеген.
«Ауруханаға 18 азамат, оның ішінде жас балалар медициналық көмекке жүгінген. Қажетті өнімдер тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 304-бабы («Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу») бойынша жүргізіліп жатыр.