Тойда шалқасынан түскен әзілкеш күлкіге қалды (ВИДЕО)

Тойда шалқасынан түскен әзілкеш күлкіге қалды (ВИДЕО)

Тойда шалқасынан түскен әзілкеш күлкіге қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белігілі әзілкеш Қайрат Әділгерей әлеуметтік желідегі парақшасында той жүргізген видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбада қалыңдықтың жолына төселген матаны аттаймын деп аяғы аспаннан келген Қайратты көруге болады. Ол оқыс жағдайға қарамастан өз әрекетін әзілмен жуып-шайды. «Бұл тойда не қызық болды дегенде: «Асаба аяғы тайып құлады» деп күлдіресіңдер енді. Өскеменнің қысында, көктайғағында құламаған тойында құлағаным қызық болды. Жып-жылы жерде, тойхананың ішінде құлағаным қызық болды-ау», – деді ол жиылған жұртқа. Оның құлаған сәтіне орай желі қолданушыларынан бөлек, өнер жұлдыздары да жанашырлық танытып, жазбаға пікір қалдырды.
«Жаным-ау, беліңді ауыртып алмасаң болды ғой», – деді Алтынай Жорабаева.
Асабаның сөзіне қарағанда, оқиға Өскемен қаласында өткен тойлардың бірінде болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kairat Dombayev (@kairat_adilgerey)