Жаңалықтар

Бейжіңде Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Бейжіңде Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды, деп хабарлады turkystan.kz. Соңғы рет Қытай елі 2008 жылғы жазғы Олимпиаданы қабылдаған болатын. Араға 14 жыл салып қытайлықтар қысқы ойындарды өткізуде. Осылайша, жазғы және қысқы Олимпиаданы қабылдаған алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалмақ. Әрбір Олимпиаданың ең маңызды сәттерінің бірі – Олимпиада алауы жағылатын сәт. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алауды жағу рәсімі соңғы 100 жылда болмаған әдіспен орындалмақ. Олимпиада «Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ - біргеміз», - деген ұранмен өтуде.