Петропавлда мешіт өртене жаздады

Петропавлда мешіт өртене жаздады

Петропавлда мешіт өртене жаздады
ашық дереккөзі
Таңертең Қызылжардың орталығындағы «Нұр» атты мешіттің асханасына іргелес салынған шаруашылық құрылыста өрт шыққан, деп хабарлады turkystan.kz. ТЖ орнына №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, облыс орталығының №3 өрт сөндіру бөлімінің және СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімшелері дереу жетті. Өрт сөндірушілердің жедел  қимылының нәтижесінде жалын таралған жоқ. Өрт орнынан жеті 50 литрлік газ баллоны шығарылды. От бір сағаттың ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ауданы 15 шаршы метр шаруашылық құрылысы өртенді. Қазір өрттің шығу себебі және келтірілген шығын мөлшері анықталуда.