Алматы көшелеріне қосымша 3 мың камера орнатылады

Алматы көшелеріне қосымша 3 мың камера орнатылады

Алматы көшелеріне қосымша 3 мың камера орнатылады
ашық дереккөзі
Алматыда тағы үш мың бейнекамера орнатылады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шыққан. Жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері», сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша алдағы уақытта Алматыда қосымша үш мың бейнебақылау камерасы орнатылады.