Бір хакер Солтүстік Кореяны интернетсіз қалдырды

Бір хакер Солтүстік Кореяны интернетсіз қалдырды

Бір хакер Солтүстік Кореяны интернетсіз қалдырды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың киберқылмыскері бұл қадамға Пхеньян оған қарсы жүргізген кибершабуыл үшін кек алу мақсатында барған, деп жазды turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып. Басылымның мәліметінше, ғаламторда P4x лақап атымен танымал хакер КХДР-ға бірнеше DoS шабуыл жасаған. Салдарынан көпшілікке қолжетімді бірнеше мемлекеттік сайт істен шығып, электрондық пошта трафигінің жылдамдығы төмендеген. Әдетте, DoS шабуылдар жүйені жалған трафикпен толтырып, серверлердің өңдеу қуатын шектейді. Осылайша, электрондық жүйенің әлсіз тұстарын ұтымды пайдалана білген хакер елдің барлық веб-сайттарын 6 сағатқа істен шығарған.
«Мен КХДР-дан хакерлік құралдарымды ұрлауға бағытталған кибершабуылдардың құрбанымын. Сол себепті, Солтүстік Кореяға осы кибершабуылдарды жасадым. АҚШ билігі, ФБР маған жасалған кибершабуылдарға ешқандай шара қолданған жоқ. Сондықтан мәселені өз қолыма алуға тура келді», - дейді хакер.
Бір қызығы, Солтүстік Корея тұрғындарының басым бөлігі маңызды сайттарға DoS шабуылдардың жасалғанын байқаған да жоқ. Себебі, бұл елде бар халықтың тек 1 пайызы ғана интернеттің игілігін көруде.