Меруерт Түсіпбаева жазықсыз қамалғандарды босатуды талап етті

Меруерт Түсіпбаева жазықсыз қамалғандарды босатуды талап етті

Меруерт Түсіпбаева жазықсыз қамалғандарды босатуды талап етті
ашық дереккөзі
Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қаңтарда митингке шыққаны үшін қамауға алынған ерлерді босату керектігін ашына жазды. Ол да ұсталғандарды жазықсыз соққыға жығылып жатыр деп есептейді, деп жазды turkystan.kz.
«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына! Мынау қасіретке тосқауыл бар ма?! Осы қазақ бір-бірін өзі-ақ қырып тастайды-ау (сырттан жау іздеудің қажеті жоқ). Бейбіт шеруге шыққан талай адамды тар қапаста ұрып-соғып жатыр деген ақпарат таралуда. Аңқау халық Қазақстанда Белоруссиядағыдай болады деп ойлаған болар. Бірақ олай болмады. Өзі аз қазақ, оның үстіне қанша ер-азамат кетті, ал қалғанын азаптап жатыр. Осындай тепкі көрген еркектің алдағы өмірі қалай болады? Азаптауды доғарыңыздар! Адамдарды үйлеріне жіберіңіздер! «Қанның шақыруы» деген қайда?! Өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік қайда? Эххх! Шаш ал десе, бас алғандар! Аман болыңдаршы!» деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.