«Әке-шешеңе көмектес, бар!»: Сметов жас балуандарға күйінді (ВИДЕО)

«Әке-шешеңе көмектес, бар!»: Сметов жас балуандарға күйінді (ВИДЕО)

«Әке-шешеңе көмектес, бар!»: Сметов жас балуандарға күйінді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Дзюдо күресінен қазақ елінің мақтанышына айналған балуан Елдос Сметов жаттығу залындағы балалардың дайындығына қарап, қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, қарсы алдында тұрған күреске қатысушыларға ынта-жігер жетіспейді, деп хабарлады turkystan.kz. Дзюдошының жастарға жанашырлық танытып ұрсып жатқан видеосын Қуаныш Қожабайұлы атты азамат Facebook әлеуметтік желісіне жүктеді.
«Бізде талантты жігіттер көп. Бірақ жан қинау деген жоқ. Қазір тіпті бір секциядан шығып, екіншісіне кіріп жүре береді. Сосын не көп, Азия, Әлем чемпионаты деп айдар таққан «халықаралық» жарыстар көп. Чиновниктердің ақша істеуі үшін ұйымдастырған жарыстары. Сондай бірдеңені жеңіп, мемлекет маған стипендия берсін деп бұртиып жүретіндер бар. Елдос дұрыс айтады. Күрес қолдан келмесе уақыт өлтіріп жүрудің қажеті жоқ-ау...» деп жазды ол видеоға қатысты.
Шынымен де шыр-пыр еткен Елдос Сметов дұрыс дайындықтың, күрес әдіс-тәсілдерінің жоқтығын айтып, өзінің жастарды бір апта бойы қинап жаттықтырып жүргендей болғанын алға тартқан.
«Әншейін элементарный нәрсе ғой, дұрыс па? Мына жерде ашылып күрес, төбелес! Осы жерде бәрін істе! Тренировка 5-те басталды, сағат 7 болды. Екі сағат бойы просто далаға кетірдіңдер уақыттарыңды. Әке-шешеңе көмектес, бар! Мына жерде саған ешқандай пайда болмаса, ешқандай желание болмаса, жақсы, пайдалы нәрсемен айналысыңдаршы, барып! Біреуің жақындаған жоқсыңдар! Кім күресіп жатқан мына жерде, дзюдодан? Біреуің де! «Әй, мында келіп бірдеңе үйретіңдерші, мынаны былай істеші, захват түскенде қалай күреседі?» дегендей кішкене интерес жоқ ешқайсысыңда! Азарт жоқ. Бір апта болды мында тренировка істеп жатқаныма, бір баланы көрген жоқпын азартпен істеп жатқан!» - деп ашынды даңқты дзюдошы.