Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды
ашық дереккөзі
Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растады, деп жазды turkystan.kz inAktau.kz-ке сілтеме жасап. Сот шенеунікке 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.
«Ғалымжан Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - деді облыстық Экономикалық тергеу департаментінің өкілі.