«Жазда ел бойынша баспана бағасы төмендейді» – маман

«Жазда ел бойынша баспана бағасы төмендейді» – маман

«Жазда ел бойынша баспана бағасы төмендейді» – маман
ашық дереккөзі
Соңғы жылдары тұрғын үй нарығын бұрын-соңды болмаған қымбатшылық жайлады. Тек былтыр баға бірден 10-12 пайызға өсті. Дегенмен бірқатар сарапшылар алдағы уақытта үй бағасының төмендейтініне сенімді, деп жазды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Елде қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Адамдар қалыпты өмірге қайта оралды. Инфляцияға байланысты пәтер бағасы жыл сайын орта есеппен 10%-ға қымбаттауда. Сатушылар бағаны шынымен көтерді. Әрбір сатушы баспананы мейілінше қымбатқа өткізгісі келеді. Ал сатып алушы, керісінше, арзанға іздейді. Бұл - заңды құбылыс. Қазір зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артты. Сондықтан баспананың бағасы арзандайды», - деді Қазақстан Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.
Оның айтуынша, қазір пәтерлердің қымбаттауына айқын себептер жоқ. Өйткені сұраныс нарықтағы ұсыныстан әлдеқайда төмен. Жазға қарай, әдеттегідей, елде халықтың белсенді көші-қоны басталады.
«Жаз уақытында көп баспана сатылымға шығарылады. Алайда бұл бағаны негізсіз өсіруге әкелмеуі керек. Себебі, халықтың жалақысы өскен жоқ. Мемлекет тұрғын үй сатып алу үшін банктік бағдарламаларды әлі шығарған жоқ. Үй иелері сатылымға қойған баспанасының бағасын түсіреді. Бізде пәтер сатушылар көп те, сатып алушылардың саны әлдеқайда аз. Сондықтан баспана арзандауы керек. Үйін сатқысы келетін адамдар оның бағасын түсіруге мәжбүр болады», - деп қорытындылады сөзін Лариса Степаненко.