Жаңалықтар

Ел тағдыры елеңдетеді

ашық дереккөзі

Ел тағдыры елеңдетеді

Жыл басындағы қоғамды дүрліктіріп, тіпті әлемге та­нылған оқыс оқиғалар ешкімді бейжай қал­дыр­­мады. Осы оқиғадан кейін Парламент Мәжілісінің отырысындағы «Қа­сіретті қаңтар» сабағы – қоғам тұтастығы – тәуелсіздік ке­пілі» атты сөзінде ел Президенті: «Тәуелсіздік тари­хын­да біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап бол­дық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай бір­тұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан елі­міз ду­шар болған ауыр қасіреттің се­беп­терін сара­лап, оның салдарына нақты ба­ға беру – алдымызда тұрған өте маңыз­ды мін­дет. Қайғылы оқиғаның туындауы кей­бір мемлекеттік органдардың әлеу­­меттік-экономикалық проблема­лар­ды көбіне нәтижесіз, сәтсіз, дәлірек айт­қан­да орындай алмауында екенін мойын­­­­дауымыз керек. Жекелеген мем­ле­кет­тік атқарушы органдар азаматтардың қажеттілігі мен нақты қиындықтары ара­сында елеулі айырмашылық пайда бол­ды. Билік құрылымдары өкілдерінің адам­дар өмірі, олардың мүдделері мен тілек­тері туралы пікірлері бұрмаланған түрде қалыптасты. Теңсіздік мәселесі шие­ленісе түсті. Қағаз жүзінде тұрғындар та­бысының орташа көрсеткіші өскен сияқ­ты болғанымен, жылдан-жылға те­рең­дей түсуде. Орташа еңбекақы деңгейі әжептеуір болғанымен, бірақ қоғамда мүліктік жіктелу өте қатты ұлғаюда. Аза­маттардың көптеген аса маңызды проб­лемасы шешілмеген. Өмір сапасы мен есен-амандығын қамтамасыз ету – мем­ле­кеттің басты міндет-мақсаты», – деген бо­латын. «Әділ сөзге айып жоқ» дегендей көп­те­ген уақыттан бері баспасөз бет­­­­терінде жарық көрген материалдарда елі­мізде әділетсіздік пен жемқорлық кеңі­нен жайылғанын, саясатта, идеоло­гияда, экономикада монополия үстемдік ете­тінін, биліктің дәрменсіздігінің арқа­сында көптеген мемлекеттік бағдарлама толық орындалмауы туралы ашық айты­лып келеді. Халқы 19 миллионға жеткен Қа­зақ­стан жер көлемі, ауыл шаруа­шы­­­лығы өнімі, мұнай, көмір, темір, ас­бест, вольфрам, молибден, алюминий, ал­тын, басқа да сирек кездесетін метал­дар­дан адам басына шаққанда дүние­жүзінде алғашқы ондықтың ішінде. Елі­міз табиғи уранның әлемдік қажет­тілі­гінің үштен бірін қамтамасыз етеді. Ульба металлургиялық зауыты – уран, бериллий және танталл шығаратын әлемдегі бір­ден-бір зауыт. (Айта кету керек, дүние­жү­зінде бериллий өндіретін екі-ақ зауыт бар – АҚШ және Қазақстанда). Басқа да байлықтар мен мүмкін­ші­лікті айтпағанда, Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2013 жылы 13890,8 АҚШ дол­ларын құраса, бүгінде ол 9121,7 АҚШ доллары көлемінде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық қорытындысында көрсетілген баға бойынша елдің жалпы сыртқы қарызы жылдық ЖІӨ 230 пайызын құрады. Қазақстанның сыртқы қарызының құры­­­­лымында кредиттер мен қарыздар басым, резидент еместерден (76,6 пайыз) және нере­зиденттер қолындағы бағалы қағаз­дар (13,8 пайыз). Экспорттан түсетін түсім 10 жылдан бұрын (2012 жылы) 86 448,8 млн АҚШ долларын құраса, биылғы бұл көр­сеткіш көмірсутектер өнімінің оф­фшор­лық аймақтар арқылы саудасының бақылаусыздығынан және шикізат сек­тор­ларын өңдеу саласын жою сал­дары­нан жартылай қысқарып, бар-жоғы 47 540,8 млн АҚШ долларына теңелді. Капиталдың елден шығарылуының өсуі және оның қайта құйылуы­ның қысқаруы, меншікті экономиканың әлсіздігі, тұтынатын тауарлардың им­порт­қа тәуелділігі, ұлттық валютаның ауыт­қымалы девальвациясы сыртқы сау­да айналымының қысқаруына әкелді. Қазақстанның банктік мәліметтері бойынша, 2021 жылдың бірінші жар­тыжылдығында төлем балансының биылғы есебі (счеты) дефицит болып жә­не (– 2,4) млрд АҚШ долларына теңел­ді. 2021 жылдың шілде айында бюд­жет­тің орындалу барысында өндіріске, құры­лысқа, архитектуралық және градо­құры­лыс қызметіне, отын-энергетика жи­нағына (комплексіне) және жерасты бай­лығын пайдалануға мемлекеттік шы­ғындар қысқартылды. Сонымен қатар тәуелсіздік алған жыл­дарда ел қазынасынан фер­мер­лік шаруашылықтарды қолдауға 2 трил­лион теңге бөлінген. Деректерде көр­сетілгендей, жылдар бойы оның ба­сым бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топт­ар иеленген. Сайып келгенде тұтыну өнім­деріне бағаның шарықтауы, жұмыс­сыздықтың өсуі, қаржы жүйесінің мүш­кіл халі, азып-тозған ауылдар, жұмыс­сыз­дық жайлаған қалалар, жөндеуді ке­рек еткен жолдар, денсаулық, білім са­ла­ларындағы қажетті мамандардың жетіс­пеу­шілігі билік басындағылардың дәр­менсіздігін көрсетеді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Теңсіздік мә­селесі де ушыға түсті, ол жылдан-жыл­ға қиындай берді, ал халық табысы қағаз жү­зінде болса да жыл санап өсіп жатқан­дай көрінді. Алайда елеулі орташа табыс­тың артында қоғамдағы мүліктік күшті жіктелу жасырынып жатыр. Азаматтар­дың көптеген күрделі проблемасы ше­шіл­ген жоқ. Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мем­ле­кеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шы­найы іске айналдыру қажет. Халық­тың табысы экономикамен қатар өсуі ке­рек. Бұл өзгермейтін аксиома біздің жағ­­­дайымызда жұмыс істемей тұр» дегені қоғамдағы шынайы өмірдің айғағы. Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғанын, не істеп, не қой­ғанын білмейді, келешекте басына қан­дай күн туатынына көзі жетпейді. Егер бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болады. Дүниеде өзге жұрттар қатарында кем, қор бол­май­тын тұқымым құрып қалмасын деген ха­лық өзінің шежіресін иманы дәре­же­сінде ұғып-білуге тиіс», – деген болатын (Түрік баласы. «Қазақ», 1913ж, №2). Келесі айтарымыз, бүгінде ел бо­лып, Президент болып тұрғылық­ты жандар мен мемлекет жарастығын қам­тамасыз ететін, ұлт мүддесін ойлай­тын, қорғай білетін, таза, білімді, әрі те­рең білікті мемлекеттік санадағы, зиялы істер­ді атқаруға дайын саяси элитаны ұйымдастырып, олармен биліктің түрлі құры­лымын қамтамасыз етуі – өзекті мә­селе. Адамды өрге сүйрейтін рухани құн­дылықтар десек, біз үшін ұлттық құн­ды­лықтарды меңгерген және оған адал жан­дар ғана мемлекетті игі істерге жемісті жеңіске жетелейді. Олардың са­ны артқан сайын саяси мәдениет деңгейі жо­ғарылап, қоғамымыздың дамуына, халықтың жапырақ жайып, көркеюі мен өркендеуіне әкеледі. Мемлекеттің дамуы тұлғалықтың да­муына байланысты. Бұл тура­лы «мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық іс. Білім мен адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ боры­шын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбеюі ықтимал», – дейді Ахмет Бай­тұр­сынов. Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлт, ұрпақ үшін жан аямай қызмет жасау – Отан алдындағы бәріміздің қарызымыз бен парызымыз. Өйткені атақты Гегель өзі­нің саяси шығармаларында көрсет­кен­дей, «Үкімет қабілетсіз болып, жаман атақты иеленсе, халықтың да жаман болуы хақ».

Нұридін Балқияұлы, Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері