Өзбекстан жазушылар одағы жанында қазақ әдебиеті кеңесі ашылды

Өзбекстан жазушылар одағы жанында қазақ әдебиеті кеңесі ашылды

Өзбекстан жазушылар одағы жанында қазақ әдебиеті кеңесі ашылды
ашық дереккөзі

Жақында Өзбекстан Жазушылар одағының жанын­дағы Қазақ әдебиеті шығармашылық кеңесінің есеп беру жиналысы өтіп, онда ұйымдас­тыру мәселелері қаралды. Нәтижесінде, бұрын Өзбек­стан Жазушылар ода­ғының жанында секция ретін­де жұмыс жүргізіп келген қа­зақ қаламгерлерінің ұйы­мы Өзбекстан Жазушылар ода­ғын­дағы Қазақ әде­биеті кеңесіне айналып, оның төрағасы болып жас қаламгер Тұрсынәлі Ахметов тағайындалды. Іс-шараға Өзбекстан Жа­зу­шы­лар одағы төрағасы­ның орын­басары Ғайрат Мажид қа­тыс­ты. Жиналыста өткен жылы қа­зақ әдебиеті секция­сы­ның атқарған істері жайында ай­тылды. 2021 жылы өзбек елін­дегі қазақ қаламгерлерінің мұ­рын­дық болуымен қазақ әде­бие­тінің классигі Абай Құнанбайұлы­ның 175 жылдығы үлкен деңгейде атап өтілсе, биыл туғанына 580 жыл толғалы отырған өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науаидың мере­тойын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілген. Өткен жыл өзбек еліндегі қаламгерлердің қатысуы­мен бірқатар әдеби шығарма, көр­кем аударма туынды, әдеби-зерт­теу еңбегі баспадан шықты. Осы жөнінде Низами атындағы Таш­кент мемлекеттік педаго­ги­ка­лық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мең­геру­шісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ергеш Абду­ва­­литов баяндама жасап, Өзбек­стан­дағы бүгінгі қазақ әдебиетінің дамуы жолында тер төгіп келе жат­қан Қалдыбек Сейданов, М­е­кем­бай Омаров, Сапарбек Иман­бе­ков, Абдолла Рүстемов, Қош­қар­бай Байжігітов, Серік Асылбеков, Нау­рызбай Жарбосынұлы, Тұр­сы­нәлі Ахметовтердің жемісті шы­ғар­машылығы жайында айтып өтті. Ал өткен жылы өзбек елінде Се­рік Асылбековтің «Айдаркөл әуен­­дері», Қошқарбай Байжігітов­тің «Көңілде жүрген күншуақ» жыр жинағы, ғалым Қалдыбек Сей­дановтың «Абай және Орта Азия әдебиеті» монографиясы жа­рық көрсе, Қозоқбой Йулдо­шев­тың аударуымен өзбек тілінде «Абай­дың қара сөздері», Тұр­сы­нәлі Ахметовтің тәржімелеуімен қазақ тілінде Садриддин Айнидің «Өсімқордың өлімі» повесі басы­лып шыққан. Сондай-ақ қазақ ті­лінде өзбектің әйгілі ақындары Ер­кін Вахидов пен Абдулла Ари­пов­тың шығармаларынан құрас­тырылған «Ұлылар тағылымы» атты кітап оқымандармен қауыш­ты. Қос ақынның кітапқа кірген туындыларын қазақшалаған ақындар – Мекембай Омаров пен Боран Қыдыров. Тұрсынәлі АХМЕТОВ, Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы: 2022 жылдан бастап Қазақ әдебиеті секциясының мәртебесі артады Қазақ әдебиеті кеңесінің өткен жылы ат­қары­латын істердің жоспары талқыланған жиын­да Өзбекстан Жазушылар одағының мү­ше­лері Қалдыбек Сейданов, Рустам Мусурмон, Таш­кент қаласы қазақ ұлттық мәдени орта­лы­ғының төрағасы Тұрсымат Қалбаев, ақын әрі ардагер журналист Құлназар Ибрагимов, ақын Ла­ла Жұмановалар Қазақ әдебиеті кеңесінің жұ­мысын одан әрі жандандыру, жастарды шы­ғар­машылыққа кеңінен жұмылдыру, ақын-жа­зушылар мен кітапқұмар оқырмандардың кез­десу­лерін тұрақты ұйымдастыру жөнінде ойға ал­ған пікірлерін білдірді. Айтылған ұсыныстар бойынша маңызды міндеттер белгіленіп, олардың орындалуы бойынша Кеңес мүшелеріне тапсырмалар берілді. Биылға дейін Өзбекстан Жазушылар ода­ғын­дағы Ұлтаралық әдебиет кеңесінің құра­мын­да қазақ әдебиеті секциясы ғана бар еді. Осы Қа­зақ әдебиеті секциясы айтарлықтай жұмыстар ат­қарып келді. Соңғы 2021 жылдың өзін алсақ, пан­демия жағдайына қарамай жемісті еңбек етіп, онлайн форматта болса да тұрақты түрде жи­налыстар өткізіліп, еліміздегі қазақ қа­лам­гер­лерінің қолжазбаларын талқылап, оларды барынша қолдап-қуаттап отырды. Өткен жылы түр­лі жанрда 20-ға жуық қазақ тілінде немесе қа­зақ тілінен өзбек тіліне аударма жасалған әде­би кітаптардың баспадан шыққаны, сондай-ақ 5 қазақ қаламгерінің Өзбекстан Жазушылар ода­ғына мүше болғаны – соның айғағы. Ал 2022 жыл­дан бастап Қазақ әдебиеті секциясының мәр­тебесі артып, Өзбекстан Жазушылар ода­ғын­дағы Қазақ әдебиеті кеңесі ретінде өз жұмысын бастады. Қазақ әдебиеті кеңесінің алғашқы жиналысында кеңестің құрамы бекітіліп, алда атқарылатын міндеттер белгілеп алынды. Дарын­ды қаламгерлерге нақты әлеуметтік тапсырыстар беру, олардың шығармаларын бас­паға ұсыну арқылы қазақ тілінде сапалы әде­би туындылардың жаратылуына жағдай жасау, қазақ жастарының шығармашылыққа, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Өзбекстандағы қазақ әдебиетін насихаттау, өзбек әдебиетінің таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударма жасау сияқты бағыттарда белсене жұмыс жүргізудің қажеттілігі айтылды.

А. ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ