Сейсенбі, 4 Қазан, 2022

«Жабайы Арман» өзіне қол жұмсап өлмек болған» - Әлімбеков

Журналист Ораз Әлімбеков Facebook-тегі парақшасына қылмыскер Арман Жұмагелдиевтің ІІМ-нің тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсап өлмек болғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналистің айтуынша, «Жабайы Арман» тамырын кескен деген ақпарат бар көрінеді. Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі де осы жайт болса керек.

«Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған «Жабайы Арман» қылмыс әлемінің серкесі «Леха Маймышқа» «жала жауып», «Қанды қаңтар» оқиғасында «соның нұсқауымен ойран салғанын» айтыпты. «Жабайы Арманның» дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей, өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полиция да «ертегінің» осылай аяқталғанын қалайтын сияқты», – дейді «жыланның аяғын көрген» әріптесіміз.

Сондай-ақ ол «Жабайы Арманның» өзі де өлуге бейіл екенін жазды. Себебі, жақында ғана ұсталған «Леха Маймышқа» жала жапқан соң, оны қандай түрмеге тығып қойса да, қылмыс әлеміндегі бұрынғы авторитетінен жұрдай қылып, әбден қорлап өлтіреді-міс. Қылмыс әлемінің «пәтуасы» солай.

Тағы оқи отырыңыз: «Адам шошырлық жағдайда отыр»: «Дикий Арманның» қорғаушылары тағы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Дикий Арман» қамауда жоқ»: адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Жабайы Арманның» «бозғұрттармен» (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. «Жабайы Арман» осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс», – дейді Ораз Әлімбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button