Ұлын миллион теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты

Ұлын миллион теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты

Ұлын миллион теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Әу баста Шымкент қаласының тұрғыны өз баласын 1,5 миллион теңгеге бағалаған. Бірақ артынан миллионға сатуға келіседі. Көпбалалы ана бұл әрекеті үшін 7 жылға сотталды, деп жазды turkystan.kz Otyrar порталына сілтеме жасап. Айыпталушы - төрт баланың анасы. Күйеуімен ажырасқаннан кейін сүт кенжесін перзентханада қалдырып кеткісі келген. Бірақ дәрігерлер баланы үйге алып кетуге көндірген. Бір жарым жылдан кейін қаржы жағынан қиналған ол кішкентай ұлын сатып жіберуге бел буады. Әйел алдымен өз ойын таныстарына айтқан. Ақыр соңында бұл ақпарат полиция қызметкерлеріне жетеді. Тәртіп сақшылары баласы жоқ ерлі-зайыптының рөлін ойнап, әйелді қылмыс үстінде ұстайды.
«Ол алдымен болашақ «сатып алушыларды» баланы көрсету үшін үйіне шақырған. Басында 1,5 миллион теңге сұрапты. Бірақ артынан соманы төмендетуге келіскен. Ақшаны алған азаматша баланы киіндіріп берген кезде ұсталды. Полицейлер бәрін жасырын камераға жазып алған», - дейді ювеналды сот төрағасы Дәурен Сайханов.
Сот шешімімен баласын сатқан әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал балалар әкесіне тапсырылды.