Қайырымдылық қор екі көпбалалы отбасыға баспана салып берді

Қайырымдылық қор екі көпбалалы отбасыға баспана салып берді

Қайырымдылық қор екі көпбалалы отбасыға баспана салып берді
ашық дереккөзі
Игі іске ұйытқы болған «Қолғабыс» қайырымдылық қоры Арыс қаласындағы қос отбасыға қуаныш сыйлады. Сөйтіп, қайырымды жандардың көмегімен екі отбасы баспаналы болды, деп жазды turkystan.kz. Баспана алу бақытына ие болған отбасының бірінде кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала болса, екіншісінде 7 бала өсіп келеді. Олар бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып, шамасы келмей қалған сәттерде саяжай мен қараусыз қалған үйлерді өз күштерімен жамап, паналап келген. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақымен жан бағып, күн көруде. Мұқтаж жандарға берілген екі тұрғын үйдің әрқайсының жалпы аумағы - 101 шаршы метр. Мұнда екі бөлмеден бөлек, ас және жуыну бөлмесі, дәретханасы бар. Ал қабырғалары күйген қыштан тұрғызылып, іші-сырты заманауи үлгідегі құрылыс материалдарымен қапталған. Тағы бір ерекшелігі, мұнда жайғасқан отбасылардың тұрмысы түзелгеннен соң бөлме санын көбейтуге немесе қосымша құрылыс жүргізу мүмкіндігі бар. Қоныс тойын тойлаған отбасыларын Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова арнайы құттықтап, қайырымды іске атсалысқан «Қолғабыс» қорына және барша жомарт жандарға ризашылығын білдірді.