«Президенттің әрбір сөзі – тегіс хақ»: Балтабек Нұрғалиев Тоқаевқа да біраз ода арнады

«Президенттің әрбір сөзі – тегіс хақ»: Балтабек Нұрғалиев Тоқаевқа да біраз ода арнады

«Президенттің әрбір сөзі – тегіс хақ»: Балтабек Нұрғалиев Тоқаевқа да біраз ода арнады
ашық дереккөзі
Кейінгі кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетіне түгел ода арнап, оны арнайы кітап етіп шығарып танылған жас ақын Балтабек Нұрғалиев енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтауға көшті, деп жазды turkystan.kz. Айта кетсек, Балтабек Нұрғалиев алдымен Президентке «Темірқазық» деген ән арнады. Одан кейін орысша-қазақша жетік білетін одашы бірінен соң бірі «Баллада о Батыре», «Дәл қазір түсінбесек...», «Күрес әлі бітпеді...» деген өлеңдер шығарып, «Первое знакомство с Президентом» деген естелік пост жазып тастады. Орысша өлеңінде:
«Любви к Родине он никогда не изменит. Как истинного батыра страна его ценит. Президент разорвал экстремистов разрушительный круг! Касым-Жомарт Кемелевич – народу преданный друг!» -
деп толғанса, «Дәл қазір түсінбесек...» жыры:
«Ұғайық, Қасым-Жомарт Кемелұлын, Түсініп түйсікпенен терең үнін. Шынайы, тура сөзді, парасатты, Өзгеше тұлғаға тән өре-білім! Дәл қазір түсінбесек, кеш болады, Елге тән еңбегіміз еш болады. Дос болсақ, Президентке даналықпен, Бұнымыз дұшпандарға сес болады. Тұр бүгін еліміздің айбыны боп, Сынған жоқ, көргенменен қайғыны көп. Ары таза қайсардың, қолы таза, Жасырған шет елдерде байлығы жоқ!..» деп жалғасқан.
Ал «Күрес әлі бітпеді...» өлеңінде ақын:
«Президенттің әрбір сөзі – тегіс хақ, Бұл Президент әкеледі жеңіс-бақ. Сақтап отыр тұтастығын елінің, Қайсарлық пен даналықты тең ұстап. Бұл Президент – шындығында жан ізгі, Президенттің әр қадамы маңызды. Бірлік кетсе, кетеді ғой береке, Отандастар, ұмытпайық парызды! Бұл Қазақстан шынымен де өзгерді, Елімізді өркендету көзделді. Арандатар сөздерді де айтпайық, Тыңдамайық, арандатар сөздерді! Түсінейік, Президенттің ерлігін, Түсінейік, жеріміздің кеңдігін. Бұл күресте жеңілмесін Президент, Ол жеңілсе, жеңіледі Елдігің!» деп тебіренген.
Ел басқарған тұлғаларға ода арнаудан алдына жан салмайтын ақын негізінде қара сөзден де құралақан емес. Мысалы, оның «Первое знакомство с Президентом» деген жазбасын оқырман назарына сол қалпында ұсынып көрейік.
«Впервые я познакомился с Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым благодаря произведению «Дара тұлға» писателя, драматурга Розы Мукановой. Необходимо прочитать это произведение, чтобы познакомиться с характером, героизмом и подвигом Президента. Касым-Жомарт Кемелевич Токаев с тех пор, как стал Президентом, поднимал ряд важных вопросов. Он своими делами доказал, что он настоящий государственный деятель и сострадательный сын своей страны. Наш Президент – человек сильным характером, мудрый аналитик. Не играет на публику, популизмом не занимается, естественный. Я вам это говорю, как истинный театральный режиссер. Франсуа Ларошфуко правильно высказался: «Ничто так не мешает естественности, как желание казаться естественным», - дейді Балтабек Нұрғалиев.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда ғана «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында өзінің жағымпаздықты жақтырмайтынын ескерткен болатын.
«Жағымпаздарға қатысты айтар болсақ, мен оған қарсымын. Мен мүлдем басқа ортада тәрбиелендім. Мақтау, мадақтау деген атымен болған жоқ. Ондай қолпаштау туралы әңгіме айтудың өзі артық шығар. Олай ешқашан да болған емес. Дегенмен біздің зиялы қауымды өзгерту қиын. Олар – басқа жағдайда тәрбие алған жандар», – деген еді сонда Президент.
Тағы оқи отырыңыз: «Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән шықты (ВИДЕО) Сондықтан бас одашыларға да, жас одашыларға да ол кісіге қатысты осындай артық-ауыс, жөн-жосықсыз мақтау-мадақтауды жаудыра берудің қажеті жоқ сияқты...