Астанада жанармай тапшылығы сезіле бастады

Астанада жанармай тапшылығы сезіле бастады

Астанада жанармай тапшылығы сезіле бастады
ашық дереккөзі
Астана әкімі Әсет Исекешев қала билігінің АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы мен оның қымбаттауына қарсы шара қолданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады"Қазақпарат".
Бірнеше күн толассыз жауған қардан және қатты суықтан Астанада көпшілік жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалды. "Қазіргі таңда "Қазмұнайгаз" АҚ және қаладағы жанармай құю бекеттері АИ-92 маркалы бензиніне тапсырысты көбейтті", - деп жазды Астана әкімі өзінің Facebook парақшасында. Әкім АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 130-135 теңгеден көтерілмейтінін айтты. Жағдайды "Қазмұнайгаз", Астана әкімшілігі және энергетика министрлігі бақылауда ұстап отыр, деп жазды Әсет Исекешев. Астана тұрғындары бензин тапшылығы туралы шағымдарын әлеуметтік желілер арқылы білдірген болатын.