«Тоңып қалдым»: Джеки Чан Олимпиада алауы эстафетасына қатысты

«Тоңып қалдым»: Джеки Чан Олимпиада алауы эстафетасына қатысты

«Тоңып қалдым»: Джеки Чан Олимпиада алауы эстафетасына қатысты
ашық дереккөзі
Эстафетаның екінші күні құрметті қонақтар қатарында болған актер Джеки Чан Олимпиада алауын ұстап, Ұлы Қытай қорғанының үстімен жүріп өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Эстафета кезінде оны Қытайдың бұған дейінгі қысқы Олимпиада жүлдегерлері қарсы алды.
«Мен таңғы сағат төртте тұрдым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Мен де тоңып қалдым!» — деді актер жүгіріп бара жатқан күйі әзілдеп.
Алау бірнеше спорт түрінен жарыс өткізілетін көршілес Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласына жолданды. Ал Ашылу салтанаты Олимпиада алауын жағумен аяқталады. Олимпиада 4-20 ақпанда, ал Паралимпиада 4-13 наурызда өтеді.