Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен генерал-майор Қайрат Ақтанов ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Қайрат Михаилұлын Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамына таныстырды. Қайрат Ақтанов 1972 жылы  наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Әскери институтын, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін, Ресей Федерациясы Бас штабының академиясын тәмамдаған. ІІМ Ішкі әскерлері қатарында взвод командирі лауазымынан бастап, полк және құрама командирі лауазымдарына дейінгі қызметтік жолдан өтті. Әр жылдарда Ұлттық ұланның «Батыс», «Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарын басқарды және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі, Ұлттық ұлан Бас штабы бастығының бірінші орынбасары міндеттерін атқарды. Қазақстан Республикасының 12 медалімен наградталған, Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері.