"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды
ашық дереккөзі
"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. "Астана қаласы бойынша №2 Алматы аудандық сотының шешімімен "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақыпов А., Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы Айтымбетов Б., компанияның басқарушы директорлары Анарбай Г. мен Сариев Г., "Project City Group" ЖШС басшылығы Смағұлов К., Есмұханов Б., Жұманазар Е. мен Комаров А. есімді тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада. Бүгінде, тергеу мәліметінше, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды тұлғалары құрылыс компанияларынан пара ретінде 288 миллион теңге алған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, 17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды. Сондай-ақ, Мәжілістің бұрынғы спикері Жақыповтың ұлын ұстау сәті түсірілген видео пайда болған еді.