Жаңалықтар

Атырау облысында 50 қой қасқырға жем болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Атырау облысында 50 қой қасқырға жем болды (ВИДЕО)

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында 50 қойды қасқыр қырып тастаған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Түз тағысы кейбірін тұтас жесе, көпшілігін жарып кете берген. Малдың өлекселерін иесі полицейлердің көмегімен бес күннен соң ғана тапқан.  Жоғалған 60 малдың 10-ы ғана тірі қалған. Қойларды іздеуге үсті-үстіне жауған қар кедергі келтірген.