Майнерлерге тықыр таянды

Майнерлерге тықыр таянды

Майнерлерге тықыр таянды
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин майнинг мәселесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатыр. Біздің энергожүйеге «сұр майнерлер» зардабы тиюде. Қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Бұл орайда, қалыптасқан «сұр» нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес» деп жазды министр әлеуметтік желіде.
Оның ойынша, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс.
«Сұр майнинг» - экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы тиіс. Егер сіздерде «сұр майнерлердің» локациясы туралы ақпарат болса, мына электрондық мекенжайларға хабарлама жіберулеріңізді (жасырын түрде хабарлауға болады) сұраймыз: b.galimzhan@mdai.gov.kz e.smailov@mdai.gov.kz a.ibraev@mdai.gov.kz Көрсетілген локациялар бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ көлеңкелі тұстан шығып, заңды майнерге айналуды қалаған кісілерге әріптестерім кәсіби кеңес бере алады», - деді Бағдат Батырбекұлы.
Осылайша, энергожүйеге зиян келтіріп, заң бұзып жатқандармен күресуге шақырды.