Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге жетті

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады turkystan.kz. Ертең Мемлекет басшысы XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. «5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ», - деп жазылған хабарламада. Оқи отырыңыз: Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы Президентке алғыс айтты.