Энергетика министрі атом электр станциясының құрылысы туралы баяндады

Энергетика министрі атом электр станциясының құрылысы туралы баяндады

Энергетика министрі атом электр станциясының құрылысы туралы баяндады
ашық дереккөзі

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па, ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық тұрғыда таза емес», - деді Болат Ақшолақов ОҚК онлайн брифингінде.
Сондай-ақ, министр генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза екенін, бірақ оның да қоры шектеулі екенін айтты.
«Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе  «нәзік». Сол себепті қоғаммен бірге барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ», - деді министр.