«Жұмыс көп»: Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы Президентке алғыс айтты

«Жұмыс көп»: Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы Президентке алғыс айтты

«Жұмыс көп»: Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы Президентке алғыс айтты
ашық дереккөзі
Кеше ғана Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалған Асхат Оралов әлеуметтік желіде жаңа қызметі жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті достар! Кеше Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы ретінде жұмысқа кірістім. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік. Алдымызда атқаратын жұмыстар көп. Партияға артылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді саламыз» деп жазды Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды