Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары билікке сенімсіздік білдірді

Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары билікке сенімсіздік білдірді

Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары билікке сенімсіздік білдірді
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінде билікке сенімсіздік білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз – Жаңаөзеннің бір топ жұмыссыз тұрғындарымыз! Осы күнге дейін Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі шешілген жоқ! Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылы ұсынған тізімдік схемасы әділетсіз орындалып жатыр. Мұнай-газ саласындағы жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуын талап етеміз», - деді жаңаөзендіктер.
Жаңаөзендіктердің бұл жиыны Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де өтті. Бір жерге жиналғандардың біразы кетіп қалғанымен, кейбірі түскі уақытта қала әкімдігінің аумағында қалған.