Жаңалықтар

Алматыда жаңа туған үшем жертөледе күнелтіп жүр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда жаңа туған үшем жертөледе күнелтіп жүр (ВИДЕО)

Алматы қаласында көпбалалы отбасы жертөледе тұрып жатыр. Бұл отбасында төрт күн бұрын үшем дүниеге келген, деп хабарлады turkystan.kz. «Елге көмек» қайырымдылық қорының мүшелері үшемнің дүниеге келген үйін көрсетті. Қор мүшелерінің айтуынша, үшемнің ата-анасы көше тазалаушы болып жұмыс істейді. Отбасында 3 баласы бар, 31 қаңтарда үшем дүниеге келген. «Басқа баратын жеріміз жоқ, көмектесіп жіберсеңіздерші, кішкене болсын. Айналайын халық, 6 балама баспана болса екен деп тілеймін», - дейді әкесі Ержан Жамбауов.