«200 млн теңгеден айырылдым»: Маңғыстау тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберді (ВИДЕО)

«200 млн теңгеден айырылдым»: Маңғыстау тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберді (ВИДЕО)

«200 млн теңгеден айырылдым»: Маңғыстау тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жіберіп, оқиға барысын видеоға түсірген, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, қылмысқа баруына 20 жыл ішінде құмар ойындар ойнап, 200 миллион теңгесін ұтылуы себеп болған.
«Мен мұның адамды ауру ететінін білемін. Ойын ойнаған жылдарда 200 миллион теңгеден айырылдым. Төрт балам, отбасым, достарым бар. Ойын үшін жақындарымды алдадым. Лото сынды құмар ойындар ойнайтындардың не нәрсеге дайын екенін білемін. Олар соңғы мүлкін де сатып жібереді. Қанша отбасының шырқы бұзылды. Өз-өзіме қол салу жайлы ойлар келген күндер де болды. Бұл ғимаратты өртемеске болмады. Жауапкершіліктен қашпаймын және не нәрсеге бара жатқанымды білемін. Жастар менің қателігімді қайталап, барлығынан ұтылып қалмаса деймін. Мен үшін ұялсаңыздар, барлықтарыңыздан кешірім сұраймын», - деді ол.
Маңғыстау облысы полицейлерінің мәліметінше, оқиға бейсенбі, 3 ақпанда болған. Ер адам қамауға алынды.