Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінбек

Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінбек

Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінбек
ашық дереккөзі
2017 жылы шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл туралы бүгін Кавказ және Орталық Азия елдерінің шегірткемен күрес бойынша құзырлы органдары өкілдерінің форумында ҚР АШМ мемлекеттік инспекция басқармасы басшысының орынбасары Марс Алмабек мәлім етті. «Жүргізілген мониторинг бойынша, шегіртке таралымы 2017 жылы 1,5 млн гектар аумаққа болады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта біздің елімізде шегірткенің үш түрі таралған. Олар — азиялық, италиялық және марокколық шегірткелер. Қазіргі уақытта осы шегірткелерге қарсы күрестің жаңа тәсілдері қаралуда. Республика бюджетінен 2017 жылы 1,5 млрд теңге көзделіп отыр», — деді ол. Сонымен қатар, ҚР АШМ өкілі қазіргі уақытта шегіртке үйірін ғарыштан бақылау және анықтау теxнологияларын пайдалану енгізіліп жатқанын атап өтті. «Географиялық ақпарат жүйесі (GIS) — бұл ғарыш арқылы жаңа мониторингілеудің әдісі. Ол зақымданған алаңдарын, шегірткелердің жүрген жерлерінің координаттарын салып, оларды анықтауға, зерттеуге және xимиялық өңдеуді жүргізуге ықпал етеді», — деді М. Алмабек.